Рудныйда өрт сөндірушілер үш адамды жанып жатқан үйден алып шықты
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Рудный қаласының өрт сөндірушілерді бірнеше адамның өмірін аман сақтап қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қостанай облысының төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
14 қараша сағат 02:22 кезінде Рудный қаласы кезекші бөліміне бес қабатты тұрғын үйдегі өрт туралы қоңырау түскен. Қостанай облысы ТЖД Өрт сөндіру қызметінің 13 қызметкері мен 3 техникасы Корчагин көшесіндегі оқиға орнына кідіріссіз шықты. Өрт оқиғасы тұрғындардың темекі шегуінен соң болған.
Бесінші қабаттағы пәтерде тұрғындар көңілді отырыс жасаған. Ас үйде үш адам ішімдік ішіп, темекі шеккен. Біраз уақыттан кейін олар басқа бөлмеде отырып, күйік пен түтіннің иісін сезді. Олар «101» қызметін шақырып үлгірген.
«Ысқа уланған тұрғындардың отпен күресуге шамасы келмеді. Өрт сөндірушілер ас үйдегі еденде төселген кілемнің жанып жатқанын көрді. Жалын терезе жақтауын шарпыған. Ас үйдің қабырғалары мен төбе жабыны отқа оранды. Құтқарушылар өртті 15 минут ішінде сөндірді. Олар пәтер ішіндегі үш адамды баспалдақ арқылы эвакуациялады. Жедел және сауатты іс-әрекеттердің арқасында өрт сөндірушілер қайғылы жағдайдың алдын алды» делінген ТЖД хабарламасында.
Қостанай облысының ТЖД темекі шегу мен отты абайсыз қолдану қайғылы жағдайға ұшыратуы мүмкін екенін ескертеді.