Рудныйда Тәуелсіздік аллеясы пайда болды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Аллея Рудный қаласындағы «Достық» саябағында Тәуелсіздік аллеясына 25 жас шырша отырғызылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Рудный қаласының әкімі Қуандық Іспергеновтің Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап.
None
None

«Саябақта шырша ағашының пайда болуы оны рудныйлықтар үшін бұдан да жайлы, тартымды етіп отыр. Бұдан басқа, шырша ауаға жақсы әсер етіп, қоршаған ортаның жақсаруына септігін тигізеді», - деп атап өтті қала әкімі өзінің жазбасында.

Аллеяның Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына қарсы ашылғаны атап өтілді. Болашақта мұнда шаған, ақтеректер және басқа да ағаш түрлерін отырғызу жоспарланып отыр.


Соңғы жаңалықтар