Рудныйда жолаушылар автобусы апатқа ұшырап, 1 адам көз жұмды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Рудный қаласындағы жол апатынан 25 жастағы ер адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Рудныйда жолаушылар автобусы апатқа ұшырап,  1 адам көз жұмды

Көлік оқиға бүгін сағат 19.00 шамасында Ленин және Марите көшелерінің қиылысында болды. Жітіқарадан келе жатқан микроавтобус жол қиылысындағы BMW автокөлігіне соғылды.

«Көлік оқиғасы салдарынан микроавтобустағы 1993 жылы туған жолаушы көз жұмды. Көлік ішіндегі тағы 10 адам және жаяу жүргінші түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға түсті», - деді ІІД баспасөз хатшысы Ирина Беженарь

Қазір апат орнында жергілікті полиция жұмыс істеп жатыр.