Рудныйда жылу трассасы өртеніп, үй-күйі жоқ адам құтқарылды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Рудныйда жылу трассасы жанып, бір адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қостанай облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

Оқиға кеше кешке Рудный қаласында болған. Ведомствода хабарлағандай, жылу трассасының астында 10 шаршы метр алаңдағы қоқыс өртенген.

«Оқиға орнынан жанып кеткен ер адамның мәйіті табылды. Оның жеке тұлғасы анықталып жатыр. Ал 1960 жылы туған ер адам (үй-күйі жоқ кезбе) құтқарылды. Өртенген қоқыстарды сөндіру жұмыстары бір сағатқа жуық созылды»,- деп түсініктеме берді облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Өрт сағат 19:39-да толығымен сөндірілді. Оқиға орнына ТЖД-ның 9 қызметкері және 2 арнайы техникасы жұмылдырылды.

Иллюстрациялық фото

Соңғы жаңалықтар