Рудныйдағы екі кісінің өлімі: полиция қылмыскерді ұстады

None
None
ҚОСТАНАЙ.ҚазАқпарат – Полиция Рудный қаласындағы екі кісінің өліміне қатысты іс туралы жаңа деректерді жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 18 тамыз күні Рудный қаласында болған. Сағат 11:48-де «102» нөміріне жеке тұрғын үй секторында қайғылы жағдайдың болғаны хабарланды. Қалалық полиция басқармасының учаскелік инспекторы хабарды тексеру үшін оқиға орнына шыққан. Тәртіп сақшысы тұрғын үй ішінен 53 жастағы ер адам мен 43 жастағы әйелдің мүрдесін тапты. Олардың зорлықпен өлтірілгені анықталды.

«Осы іске қатысты Қостанай полициясы арнайы топ құрды. Іздеу шараларының нәтижесінде 41 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Ол бұған дейін бірнеше рет сотталған», - делінген полиция ақпаратында.

Қазір аталған факті бойынша ҚР ҚК 99-бабының 2-бөлігімен («Адам өлтіру») тергеу басталды. Күдікті кінәсін толығымен мойындады.


Соңғы жаңалықтар
telegram