Рудныйдағы жылу желісінде апат болды

ҚОСТАНАЙ. 25 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгін таңертең Қостанай облысындағы Рудный қаласының көптеген үйлері мен мекемелерінде жылу беру тоқтатылды. ТЖ-ға коммуналдық апат себеп болды.

Рудныйдағы жылу желісінде апат болды

Магистралдық құбырда апатты жойды, және түстен кейін жүйе жұмысы қалпына келе бастады. «Рудный жылу желісі» ЖШС-де жағдайды жөндеу жұмыстары аяқталған соң түсіндіруді уәде етті.