Рудныйдан жалған лаңкес ерекше режімдегі колонияда жазасын өтейді

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Стадионға «мина қойған» рудныйлыққа қатаң үкім шықты, ол 3 жыл ерекше режімдегі колонияда жазасын өтейтін болады. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі хабарлады.
None
None

Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметінде жариялаған іс материалдарына сәйкес, 15 қаңтарда түн ауа қаскүнем «мас күйінде «102» пультына хабарласып, «Стадион-Строитель» аялдамасында жарылғыш зат қойылғанын хабарлаған». Оқиға орнына жеткен арнайы қызмет және полиция қызметкерлері жарылғыш зат таппады. Қоңырау шалған адам бірден  анықталды, ол бұрын сотталған 35 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.

Рудный қалалық сотының үкімімен қылмыскерге ерекше режімдегі колонияда 3 жылға жаза тағайындалды. Үкім шығарған кезде мерзімін ұзартуға бұрын жасаған қылмысы себеп болды.

Соңғы жаңалықтар