Рухани байлықтың қалыптасуына ардагерлерге деген оң өзгерістің өз әсері бар - Байкал Хамзин

АЛМАТЫ.13 ақпан. ҚазАқпарат  - Алматыда әлі күнге дейін пәтер алмаған Екінші дүниежүзілік соғыстың ардагерлері бар.

Рухани байлықтың қалыптасуына ардагерлерге деген оң өзгерістің  өз әсері бар - Байкал Хамзин

Бұл жайлы қалалық әкімдіктің жанындағы «Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектері қоғамдық бірлестіктерінің үйлестіру кеңесі» төрағасының  орынбасары Байкал Хамзин бүгін баспасөз мәслихатында айтты.

«Ауғанстаннан Кеңес армиясының шығарылғанына 23 жыл толды. Олардың әлеуметтік жағдайы әлі толық шешілген жоқ. Сондықтан ардагерлер туралы арнайы заң керек. Ол бізге ғана емес, мемлекеттің өзіне де қажет. Рухани байлықты жасауда ақсақалдарға деген оң  көзқарастың маңызы зор», - дейді Б.Хамзин. Оның айтуынша, елдің байлығы ең алдымен оның халқы. Мәселен 1993-2001 жылдары бітімгерлік күштер құрамында Тәжікстанда 10 мың қазақстандық жауынгер өз борышын өтеді. Олардың әлі күнге дейін әлеуметтік мәртебесі анықталған жоқ. Ресейде оларға соғыс ардагері деген мәртебе берілген.  Сол себепті бұл мәселе алдағы аптада Астанада өтетін алқалы жиында арайы талқыланып, арнайы заң жобасы Парламент қарауына ұсынылмақ.