Рухани келісім идеясын жақтаушылар қатары көбейіп келеді - Т.Мұхамеджанов

АСТАНА. 17 қазан. ҚазАқпарат - Рухани келісім идеясын жақтаушылар қатары көбейіп келеді. Бұл пікірді бүгін Бүкіләлемдік рухани келісім форумы Төралқасының отырысы аясында ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында ҚР Парламенті Сенатының депутаты Төлеген Мұхамеджанов білдірді.
None
None

«Біздің бұл жерде бас қосуымыздың мақсаты мен міндеті бұл әрине, 1992 жылдың 18 қазанында Алматыда өз жұмысын бастаған Бүкәлемдік рухани келісім форумының 20 жылдық мерейтойы. Сол уақыттан бері 20 жыл өтті, әрі бұл идея жүздеген, мыңдаған адамның жан-жүрегін жылытты. Ал бүгінде бұл идеяның жақтастары көбейе түсті», - деді ол.

Айта кетейік, «Бүкіл әлемде бейбітшілікке рухани мәдениет арқылы» атты мерейтойлық ғылыми-практикалық конференция ертең Тәуелсіздік сарайында өз жұмысын бастайды. Оған 25 елден делегациялар қатысады. Олардың қатарында танымал қоғам, дін және мәдениет қайраткерлері бар.

Соңғы жаңалықтар