Рухани жаңғыру бағдарламасы елге пайдасын тигізеді - шетелдік сарапшы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сингапур ұстаздары кәсіподағының президенті Майк Тируман Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Қоғамдық сананы жаңғырту» мақаласына қатысты өзінің пікірін білдірді.

Рухани жаңғыру бағдарламасы елге пайдасын тигізеді - шетелдік сарапшы

«Жаңа білім алу мен кәсіби икемділіктен басқа Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтар санасының ашық болуы мен алдағы жетістіктерді қамтамасыз ету үшін Қазақстан қабылдауға тиісті түбегейлі өзгерістерді нығайту қажеттігіне назар аударады», - деді ол.

Оның айтуынша, білім трансформациясына берілген басымдылық Президенттің әр қазақстандықтың ойының алғыр, болашақта кез-келген сын-қатерлерге бейімділік қабілеті болуын шынайы қалайтындығын дәлелдейді.

«Ол әр қазақстандықтың діңгегі бекем, рухы мықты, патриоттық сезімінің жоғары болғандығын, қазіргі заманның ағымына сай мәдениеттілік пен ашықтық, сондай-ақ, прагматикалық тәсілдерді сезіне отырып, қазақстандық қоғамның құндылықтарын түсінгенін қалайды», - деді Майк Тируман.

Сингапурлық сарапшы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасының жүзеге асырылуы елге айтарлықтай пайдасын тигізетіндігін атап айтты.

«Егер Қазақстан Президент Назарбаевтың бастамасын жүйелі іске асыратын болса, елдің қазіргі әлемдегі мәдени, саяси және экономикалық орталыққа айналатынына сенімдімін», - деді оқытушы.