«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ»: байқау жеңімпаздарының шығармашылық жұмыстары

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі оқырмандар назарына Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын қолдау әрі оны халық арасында кеңінен насихаттау мақсатында ұйымдастырылған дизайнерлік шешімдер байқауы жеңімпаздарының шығармашылық жұмыстарын ұсынады.    
None
None

Конкурсқа жұмыстарды қабылдау 1 қарашадан басталып 15 желтоқсанға дейін жалғасты.

Ұсынылған жұмыстар «Рухани жаңғыру» Мемлекеттік бағдарламасының: «Бәсекелік қабілет», «Прагматизм», «Ұлттық бірегейлікті сақтау», «Білімнің салтанат құруы», «Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы», «Сананың ашықтығы» бағыттарына сәйкес қабылданды.

Әрбір қатысушы немесе ұжым аталған 6 бағыттың әрқайсысына тек 1 ғана жұмысын ұсынуға мүмкіндік алды.

Барлығы 130-дан астам жұмыс келіп түскен.

Байқаудың 2 000 000 теңгелік бас жүлдесін Павлодар қаласынан келген Денис Романов жеңіп алды.

null null null null null 

Бірінші орын алған шығармашылық жұмыстың авторы - Астана тұрғыны Мәдина Мұқанова, оған 1 500 000 теңге берілді.

null null null null null null 

Екінші орынға ие болған Павлодардың тағы бір өкілі Рустам Саримовке 1 000 000 теңге табысталды.

null null null null null null 

Ақшалай сыйлығы 500 000 теңгені құрайтын үшінші орын Астана тұрғыны Сәуле Жиенқұловаға берілді.

null null null null null null 

Қызықты жұмыстардың авторларына да көптеген арнайы жүлделер берілді.

Үздік туындылар декорациялар, костюмдер және баспа өнімдерін жасауға пайдаланылады.

Дизайнерлер байқауын өткізу «Рухани жаңғыру» құндылықтарын кең жұртшылық арасында насихаттауға, шығармашылық және өнер адамдарын қолдауға, ұлттық бірегейлікті сақтай отырып қазіргі мәдениетті дамытуға бағытталды.

Соңғы жаңалықтар