«Рухани жаңғыруға» 1 жыл: Астанада ерекше флешмоб өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының жастары Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына 1 жыл толуына арнап ерекше флешмоб өткізді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Рухани жаңғыруға» 1 жыл: Астанада ерекше флешмоб өтті

Бағдарламаның бағытына қолдау білдіріп, орындалуына үн қосып жүрген жастардың флешмобы сәтті шықты. «Рухани жаңғырудың» символын көрсете сапқа тұрған қырандай қырағы өрендер «Қазақ елі» монументінің маңына ерекше көрік берді. «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздары, эстрада жұлдыздары, блогерлер арнайы келген іс-шараға Астана қаласының 35 орта арнаулы оқу орындарының белсенді студенттері мен 84 мектептің оқушылары, сондай-ақ «Астана жастары» ЖРО еріктілері қатысты.

«Бұл шара Астана қаласы әкімдігінің Қоғамдық даму істері басқармасы мен «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының ұйымдастырылуымен өткізіліп отыр. Жалпы, шара Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жарияланғанына бір жыл толуына арналған. Барша астаналық жастар бірлесіп, жиналып, флешмоб ұйымдастыруда. Бір жылдың ішінде бағдарлама аясында айтарлықтай жұмыстар жүргізілді. Бүкіл елдің үн қосуы - бұл «Рухани жаңғырудың» уақытша емес, еліміздің болашағына кепіл боларлық бағдарлама екенін көрсетеді. Флешмобты өткізу - жастардың өз идеясы», - дейді «Астана жастары» ЖРО директоры Мұхамеджан Болысбек.

null null
null 

Оның айтуынша, «Астана жастары» ЖРО бір жылдың ішінде біршама жұмыс атқарған. Нақтырақ айтқанда, «Туған жер», «Саналы азамат», «Жомарт жүрек» жобалары қолға алынып, елорда өрендері ел ішінде бірсыпыра игі істерге мұрындық болған.

«Бағдарламаның мақсаты - ұлттық кодымызды жаңа заманауи талаптарға сай көрсету. Сондықтан, бүгінгі таңда жастардың идеясы өте жақсы қолдау отырғанын ерекше атап өткім келеді. «Рухани жаңғырудың» бағыттары бойынша біз былтыр жас ақындар мүшайрасын, айтысын өткізіп, блогерлер мен вайнерлермен тығыз жұмыстар басталды. Қаланың орталық сауда орталықтарында қайырымдылық кештерін, қарттарға ерікті түрде көмектесіп жүргендер де біздің жастар. Балалар үйі мен қарттар үйіне өрендеріміз тұрақты түрде баруда. Бұның бәрі де елордадағы жас буынның айналаға жауапкершілікпен қарайтынын көрсетеді», - дейді Мұхамеджан Болысбек.
null

  null null  null 

null null 

null