Рұқсат беру құжаттарының 13 түрі жойылады - ҰБ өкілі
АСТАНА. 12 маусым. ҚазАқпарат - Қаржы нарығы саласында рұқсат беру құжаттарының 13 түрі жойылады. Бұл туралы бүгін Мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін ұйымдастыру, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылау барысында мәлім болды.
«Қаржылық тұрақтылықты сақтау мақсатында рұқсат беру құжаттарының санын азайту шаралары да заң жобасында қаралып отыр. Мәселен, шетел валюталарымен айырбастау операцияларын жүзеге асыратын ұйымдарды әділет органдарында тіркеу рұқсаты жойылады. Осыған байланысты басқа да ұ йымдастыру-техникалық іс-шараларының және басқаларының орындалғаны туралы растайтын құжаттарды мемлекеттік тіркеу рұқсаттары да жойылмақ», - деді ҰБ төрағасының орынбасары Бисенғали Тәжіяқов.
Оның айтуынша, заң жобасын қабылдау Ұлттық банкке Елбасының лицензиялық-рұқсатнама құжаттарын 10 пайызға қысқарту туралы тапсырмасын орындауға мүмкіндік береді.