Рұқсат етілмеген сайттарды бұғаттамаған: Түркістан облысында 31 мектепке әкімшілік хаттама толтырылды

пектеп
Фото: Ақмола облысы Білім басқармасы

ТҮРКІСТАН. KAZINFORM – Түркістан облысында 31 мектептің басшылығы рұқсат етілмеген сайттарды бұғаттамағаны үшін жауапқа тартылды.

Жетісай ауданы прокуратурасының ұсынысы бойынша өңірдегі 31 мектепке заңнама талаптарының бұзылуы бойынша әкімшілік хаттама толтырды.

Басты себеп - білім беру ұйымдарында рұқсат етілмеген сайттарға бұғат қойылмаған. Сондай-ақ оқушылар сабақ уақытында балалардың денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттарды ашып, рұқсат етілмеген сайттарға кірген. Сабақ барысында оқушылар мұғалімдердің бақылауында болмаған, яғни, мұғалімдер өздерінің лауазымдық міндеттерін орындамаған.

«Алдағы уақытта әрбір мекемеге 15 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Мектеп басшыларын заңнама талаптарын қатаң сақтауға шақырамыз!» - делінген Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта. 

Соңғы жаңалықтар
telegram