«Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» Заң жобасы 1 сәуірге дейін Парламент қарауына енгізіледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет отырысында «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесі мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заң жобалары мақұлданды.

«Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» Заң жобасы 1 сәуірге дейін Парламент қарауына енгізіледі

«Заңның қабылдануы Үкімет ресурстарын дұрыс бөлуге мүмкіндік береді. Осыған орай қыркүйекте мемлекеттік бақылау мәселелері жөніндегі жаңа заң жобасын, ал жыл соңына қарай өзін-өзі реттеу туралы заң жобасын Парламентке енгізу қажет», - деді отырысты қорытындылаған Премьер-Министр Серік Ахметов.

Сонымен қатар Үкімет басшысы 1 сәуірге дейін Өңірлік даму министрлігіне бүгінгі отырыста талқыланған заң жобасын Мәжіліс қарауына енгізуді тапсырды.

«Сонымен қатар аталған заң жобалар мәліметтерінің шұғыл ретінде жария етілгендігі туралы Мемлекет басшысының атына хат жобасын әзірлеу қажет. Біз бұл жайында сөйлестік және Мемлекет басшысы бұл мәселеге қолдау білдіреді», - деді ол.