«Рөлде отырып ұйықтап кеткен»: Абай облысында жүргізуші жүк көлігіне соғылып, жыраға құлады

Абай облыстық Полиция департаментінен
Фото: Абай облыстық Полиция департаментінен

Абай облысында көлік тізгіндеп келе жатып ұйықтап кеткен ер адам жол апатына себепкер болды, деп хабарлайды Kazinform.

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы 9 қаңтарда республикалық маңызы бар «Омбы-Майқапшағай» тасжолының 659 шақырымында болған.

«Көлік тізгіндеп келе жатып ұйықтап кеткен «Lada Granta» көлігінің жүргізушісі жүк көлігімен соқтығысты. Жол апатынан кейін жеңіл көлік жыраға құлаған. Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ», - делінген ақпаратта.

30 жастағы ер адамға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.

Еске салсақ, осыған дейін «Өскемен-Семей» тасжолында жол апатынан 2 адам көз жұмғаны хабарланған. 

 

Соңғы жаңалықтар
telegram