Румынияда аптап ыстыққа байланысты дабылдың қызыл деңгейі жарияланды
АСТАНА. KAZINFORM – Румынияда аптап ыстықтан қауіптіліктің қызыл деңгейі енгізілді. Демалыс күндері температура Цельсий бойынша 42 градусқа жетті. Бұл туралы Euronews жазды.
Төтенше ыстық қаупінің қызыл деңгейі Румынияның көптеген әкімшілік округінде жарияланды. Бұрын-соңды болмаған ыстық елдің біраз бөлігіне тарады.
Демалыс күндері көптеген жерде, соның ішінде ел астанасы Бухарестте ауа температурасы Цельсий бойынша 42 градусқа жетті. Дәрігерлер адамдарға сағат 11.00-ден 18.00-ге дейін үйде болуға кеңес береді.
Синоптиктер жылу толқыны күшейіп, кем дегенде сәрсенбіге дейін созылуы мүмкін деп ескертеді.