Румынияда саяси дағдарыс: президент ұлттық күштердің ықпалын шектеді

АСТАНА. KAZINFORM – Румыния президенті Никушор Дан елде ұлттық бағыттағы саяси күштердің билікке келу ықтималдығы өте төмен екенін мәлімдеді, деп хабарлайды ТАСС.

п
Фото: ТАСС

Ол бұл пікірін Хорватияның Дубровник қаласында өткен «Үш теңіз бастамасы» саммиті аясында журналистерге берген сұхбатында айтты.

– Егер маған премьер-министрді тағайындау қажет болса, мұндай сценарийге жол бермеу үшін барлық шараны қабылдаймын, – деді Никушор Дан.

Бұған дейін Румынияның Социал-демократиялық партиясы мен Румындарды біріктіру альянсы парламентке премьер-министр Илие Боложан үкіметіне сенімсіздік вотумын енгізген. Дауыс беру 5 мамырға жоспарланған.

Сарапшылар бұл дауыс беру үкіметтің отставкасына әкелуі мүмкін екенін жоққа шығармайды. Сонымен қатар жаңа коалиция құру ықтималдығы да талқылануда. Алайда Социал-демократиялық партия жетекшісі Сорин Гриндяну ұлттық күштермен бірлесіп үкімет құру жоспары жоқ екенін мәлімдеген.

Саяси дағдарыс 20 сәуірде социал-демократтар премьер-министрді қолдаудан бас тартып, үкімет құрамынан өз министрлерін кері шақырып алғаннан кейін басталған.

Айта кетейік, бұған дейін Румынияның қорғаныс министрі жалған дипломы үшін отставкаға кеткені хабарланды.

Соңғы жаңалықтар