Румыниядағы президенттік сайлаудың бірінші кезеңі: кандидаттар қорытындыны жоюды талап етті

АСТАНА. KAZINFORM – Елдің Конституциялық сотының барлық тоғыз судьясы дауыстарды санау қорытындыларына қатысты шағымды бірауыздан қабылдаған жоқ. Румыния сайлау комиссиясы жүргізген тексеру ешқандай заң бұзушылықты анықтаған жоқ, деп мәлімдеді Конституциялық сот төрағасы Мариан Энахе. Бұл туралы DW ақпарат агенттігі хабарлайды.

Стали известны предварительные итоги парламентских выборов в Румынии
Фото: picture alliance / Zoonar

Еске сала кетсек, сайлаудың бірінші турының қорытындысы бойынша сайлау комиссиясы бұған дейін ұлтшыл «Румындар бірлігі үшін альянстың» мүшесі болған Калин Георгеску үшін сайлаушылардың 22,94 пайызы дауыс бергенін хабарлады. Екінші орында «Румынияны құтқару одағы» либералдық партиясынан Елена Ласкони (19,17%) тұр. Үшінші орын (19,15%) қазіргі премьер-министр, социал-демократ Марсель Чолакуға бұйырды. 

Осыдан кейін президенттікке екі үміткер дауыс беру қорытындыларын жоюды талап етті.

Себастиан Попеску Георгескуды өзінің сайлауалды науқанын қаржыландыру көздерін жасырды және сол арқылы сайлаушыларды адастырды деп айыптады. 

Сайлау науқанында сөйлеген сөзінде Георгеску ЕО мен НАТО «Румынияның мүдделеріне сай келмейді» деп мәлімдеді. Оңшыл саясаткер аутсайдер болып саналды және ол науқанын тек дерлік TikTok-та жүргізді.

Еске сала кетсек, Румынияда 24 қарашада президенттік айлаудың бірінші туры өтті.

Жексенбі, желтоқсанның 1-і күні Румынияда өткен парламенттік сайлауда сайлау учаскелері жабылғаннан кейін, елдің билеуші Социал-демократиялық партиясы (PSD) жарияланым кезінде ең көп дауыс жинап отыр

Соңғы жаңалықтар