Румыния астанасында жүз мыңға жуық адам ереуілге шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Румынияда Чаушеску биліктен кеткен 30 жылдан кейін алғаш рет ірі наразылық шерулері өтіп жатыр, деп хабарлайды euronews.com .

Румыния астанасында жүз мыңға жуық адам ереуілге шықты

Елдегі қоғам белсенділері қылмыстық кодекстегі өзгерістер мен рақымшылық туралы үкіметтік заңнамаларға қарсы ереуілге шығуда.

Полицияның хабарлауынша, сәрсенбі күні Бухарест көшелеріне жүз мыңға жуық адам шыққан:

Ел астанасынан өзге ірі қалаларда да наразылық басылмай тұр. Полициямен қақтығысып, жараланғандар да бар.

Сонымен бірге, шерушілер ұзақ әрі күрделі келіссөздерден кейін бір бұрын ғана жұмысын бастаған үкіметтің отставкаға кетуін талап етуде.

«Біз үкіметтің отставкаға кеткенін қаламаймыз - олар дауыс берушілерге уәдені үйіп-төккен, мықты жоспарлар құрған, енді осының бәрін орындағанын қалаймыз», - дейді наразылық акциясын қолдаушылар.

Құқық қорғау органдары жағдай бақылаудан шығып кете ме деп қауіптеніп отыр.

Осы тұста Бухарестте жаппай тәртіпсіздік жасағысы келген жүздеген футбол фанаттары ұсталды. Полиция оларға белгілі бір күштердің ақша төлегенін мәлімдеді.