Румыния қарызы көптігінен Евровидениеге қатысудан шеттетілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Румыния 216 жылы Евровидениеге қатыспайтын болды. Себебі 2007 жылдан бастап оқиғаны ұйымдастырушы болып табылатын Еуропалық ақпарат тарату одағы алдында елдің мемлекеттік телевидениесінің жиналып қалған қарызы бар, деп хабарлады байқаудың ресми сайтында.

Румыния қарызы көптігінен Евровидениеге қатысудан шеттетілді

Еуропалық хабар тарату одағы қарыз 14,5 миллион еуро екенін мәлімдеді. Бұл сома 21 сәуірге дейін төленуі тиіс болатын, енді арнаға байқауды көрсетуге тыйым салды, деп жазды РИА Новости .

«Өкінішке орай, осындай шешім қабылдауға мәжбүрміз. Румыния үкіметі осы мәселені шешу үшін салған күшімізге жауап бермегені үшін ренжуліміз», - деп атап өтті ұйымның бас директоры Ингрид Дельтенр.

Стокгольмде Евродиение-2016-да Румыниядан «Moment of Silence» әнімен Овидиу Антон қатысу қажет болған.