Румыния - Қазақстан құрамалары арасындағы ойынның төрешілері белгілі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат -   Румыния - Қазақстан құрамалары арасындағы ойынға  кімдер қазылық ететіні белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

2018 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирі аясындағы Румыния мен Қазақстан құрамалары арасындағы ойынға швейцариялық төрешілер қазылық жасамақ.

Бас төреші - Сандро Шерер. Алаң жиегінде Стефан Де Алмейда мен Сладан Йосипович. Ал төртінші төреші қызметінде Ален Бьери болмақ.

Қазақстан құрамасы Румынияға қарсы 5 қазан күні ойнаса, одан кейін 8 қазан күні Астанада Армения құрамасымен кездеседі.

Екі ойынға шақырту алған футболшылар тізімі төмендегідей:

Қақпашылар: Давид Лория («Ертіс»), Стас Покатилов («Қайрат»), Александр Мокин («Астана»), Игорь Шацкий («Шахтер»).

Қорғаушылар: Дмитрий Шомко, Юрий Логвиненко, Абзал Бейсебеков (үшеуі де- «Астана»), Гафуржан Сүйімбаев, Елдос Ахметов (екеуі де- «Қайрат»), Темірлан Ерланов («Ордабасы»), Александр Марочкин («Оқжетпес»), Виктор Дмитренко («Шахтер»), Дмитрий Мирошниченко («Тобыл»).

Жартылай қорғаушылар: Бауыржан Исламхан, Исламбек Қуат, (екеуі де - «Қайрат»), Серікжан Мұжықов, Асхат Тағыберген (екеуі де - «Астана»), Еркебұлан Тұңғышбаев, Азат Нұрғалиев (екеуі де - «Ордабасы»), Мақсат Байжанов («Қайсар»), Аслан Дарабаев («Ертіс»).

Шабуылшылар: Роман Муртазаев («Астана»), Таңат Нөсербаев («Ордабасы»), Алексей Щеткин («Тобыл»), Сергей Хижниченко («Шахтер»).

Айта кетейік, Румыния мен Қазақстан құрамалары арасындағы ойынды «QazSport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Соңғы жаңалықтар