Румыния королінің қызы қораздар жекпе-жегін ұйымдастырғаны үшін сотталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қораздар жекпе-жегін ұйымдастырды деген күдікпен Орегонда тұтқындалған румындық ханшайым Ирина Уолкер өз айыбын мойындады, оған қылмыстық жаза тағайындалды, деп хабарлады "Газета.Ru".

Румыния королінің қызы қораздар жекпе-жегін ұйымдастырғаны үшін сотталды

Румындық ханшайым мен шерифтің бұрынғы көмекшісі, оның күйеуі Джон Уэсли Уолкер шартты түрде үш жылға бас бостандықтарынан айырылды және 200 мың долар айыппұл төлейтін болды. Ерлі-зайыптылар 2013 жылғы тамызда өздерінің Морроу ранчосында қораздар жекпе-жегін өткізіп, құмар ойынын ұйымдастырғаны үшін айыпталып, тұтқындалған.

60 жастағы Ирина Уолкер - Румынияның соңғы королінің қызы.