Румыния президентіне импичмент жариялануы мүмкін
АСТАНА. ҚазАқпарат -Румыния Сенатының төрағасы Кэлин Попеску Тэричану ел президенті Траян Бэсескуге импичмент жариялау туралы ұсыныс тастады.
Импичментке байланысты ұсыныста референдумды алдағы қарашада жоспарланып отырған президенттік сайлауға бір күн қалғанда өткізу көрсетілген.
Оған ағасы Мирча Бэсескудің сыбайлас жемқорлыққа шатылуы,президенттің румын партияларының бірінің съезіне қатысуы, сондай-ақ Румыния атынан еурокомиссия жетекшілігінің біріне ұсынылған кандидатты өзгертуге әрекет жасауы тәрізді айыптаулар тағылды.
Еске сала кетсек, маусымда Румыния парламенті Еуроодақ Кеңесіне осы елдің президенті Траян Бэсескуды отставкаға жіберуді талап еткен декларация жолдаған болатын.