Румынияда Димаштың фан-клубы оның концертін ұйымдастырғысы келеді - Нұрбах Рүстемов

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Румынияда Димаш Құдайбергеннің фан-клубы бар. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігіндегі брифингте Қазақстан Республикасының Румыниядағы Елшісі Нұрбах Рүстемов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Соңғы бес жыл қатарынан Румынияда Қазақстан фильмдері күндері өтіп келеді. Ол жақта тарихи фильмдерімізді көргеннен кейін көзіне жас алып, «қазақтардң тарихын енді біліп жатырмыз» деген адамдарды да көрдім», - дейді Нұрбах Рүстемов СІМ-де өткен брифингте.

Сондай-ақ, ол опера жұлдызы Нұржамал Үсенбаева Румынияға барып өнер көрсеткен кезде жергілікті халықтың тамаша әсер алғанын да тілге тиек етті.

«Дәл сол кезде румыниялық ханшайымдардың бірі «Дәл осындай таланттарды бізге неге көп көрсетпейсіздер?!» деді. Енді сол жақтағы Опера және балет театрының басшылығы келесі жылы біздің елдегі опера әншілерін шақырып отыр», - дейді ол.

Сондай-ақ, елшінің айтуынша, Румынияда Димаш Құдайбергеннің фан-клубы бар.

«2 мыңға тарта фан-клуб мүшесі бар. Жанкүйерлер Димаштың келуін сұрап отыр. Димаш баратын болса – олар концертті ұйымдастыруды өз мойынына алуға дайын. Димаш – біздің брендіміз. Олардың өтінішін Димашқа, оның ата-анасына айттым», - дейді Нұрбах Рүстемов.

Еске сала кетсек, бұған дейін Румынияда Алтын орданың 750 жылдығы атап өтілетіні туралы жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар
telegram