Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Румынияда қар көшкіні шаңғышыларды басып қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Он үш және он төрт жастағы екі жасөспірім Румынияның батыс бөлігіндегі қар көшкінінің құрбанына айналды. Бұл туралы Associated Press агенттігі хабарлады.

Румынияда қар көшкіні   шаңғышыларды басып қалды

Агенттіктің деректеріне қарағанда, көшкін  Ретезат ұлттық паркі аумағындағы тауда болған.

Төтенше жағдайлар жөніндегі қызметтің басшысы Раед Арафаттың айтуынша, жасөспірімдердің денесін қардан аршып алған, топтың өзге үш мүшесі зардап шекпеген.