Румынияда Орталық барлау басқармасының жасырын түрмесі табылды
АСТАНА. 9 желтоқсан. ҚазАқпарат - Румынияда неміс журналистері Орталық барлау басқармасының құпия түрмесін тапты. Ол Бухарестегі ұлттық құпия ақпараттар тізілімі басқармасының ғимаратында орналасқан болып шықты. Бұл туралы Ресей жаңалықтар қызметі хабарлады.
Sueddeutsche Zeitung газетінің берген ақпараты бойынша, бұл түрмеде лаңкестікке қатысы бар күдіктілер отырған. Дегенмен, бұл ақпаратты Румынияның билігі ресми түрде жоққа шығарып отыр.