Румынияда өтіп жатқан «Көгілдір аспан-2010» әскери оқу-жаттығу шарасы кезінде әскери тікұшақ құлады

АСТАНА. Шілденің 27-сі. ҚазАқпарат - Румынияда CH-53 әскери тікұшағының апатқа ұшырауы салдарынан опат болған төрт әскеридің денесі табылды.

Румынияда өтіп жатқан «Көгілдір аспан-2010» әскери оқу-жаттығу шарасы кезінде әскери тікұшақ құлады

Олардың мүрдесін апат орнына келген құтқарушылар тауып алды. Құтқару қызметінің айтуынша, тікұшақ жерге құлағаннан кейін өртеніп кеткен, деп хабарлайды РБК жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.

Бұған дейін хабарланғандай, әскери тікұшақ құлаған кезде, оның ішінде алты Израиль жауынгері мен румындық ұшқыш болған. Әуе көлігі шамамен 2264 метрлік биіктіктен құлаған.

Оқиға Бухарестен 120 шақырым қашықтықта орын алды. Апаттың себебі анықталу үстінде, осыған қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Естеріңізге сала кетейік, Израиль және Румыния «Көгілдір аспан - 2010» деп аталатын әскери оқу-жаттығу шараларына қатысуда. 11 күнге созылатын дайындық шараларында әскерилер іздестіру-құтқару ісіне және адамдарды қауіпсіз аймаққа жеткізумен айналысулары тиіс болатын.