Румынияда парламенттік сайлау өтіп жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Румынияда жексенбі күні парламенттік сайлау өтуде, оған 11 партия, қозғалыс қатысуда, деп хабарлайды Би-би-си.
None
None

Негізгі қарсыластар өткен сайлауда жеңіске жеткен Социал-демократиялық партия мен президенттік Ұлттық-либералдық партиясы.

Румын парламенті екі палатадан тұрады және төрт жылға сайланады.

Қазіргі уақытта ел билігінде технократиялық үкімет бар, ол 2015 жылы премьер-министрі Виктор Понта мен оның кабинеті отставкаға кеткеннен кейін қалыптасты.

Понта Бухарестте түнгі клубта өрт шығып, 64 адам қаза тапқаннан кейін жаппай наразылықтан өз орнынан кетуге мәжбүр болған.

10 жыл бұрын Еуроодаққа кірген Румыния одақтың ең кедей елі саналады.

Соңғы жаңалықтар