Румынияда президент сайлауы өтеді
АСТАНА.ҚазАқпарат - Бүгін Румынияда президент сайлауы өтеді. Мемлекеттің қазіргі басшысы Траян Бэсескудың жолын жалғастыратын адамды республиканың 18,2 млн. азаматы таңдайды, деп хабарлайды шетелдік БАҚ.
Президенттікке 14 үміткер тіркелген. Сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша 07:00-де ашылып, 21:00 кезінде жабылады. Жеңіске жету үшін үміткерлерге сайлаушылардың 50 пайызы дауыс беру қажет. Бұндай болмаған жағдайда 16 қараша күні сайлаудың екінші кезеңі өтеді. Оған ең көп дауыс жинаған екі үміткер қатысады.