Румынияда украиндық туристер мінген автобус аударылды

БУХАРЕСТ. Сәуірдің 16-сы. ҚазАқпарат – Румынияда украиндық туристер мінген (олардың арасында балалар да бар) автобус аударылып қалды,

Румынияда украиндық туристер мінген автобус аударылды
деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру агенттігіне сілтеме жасап. «Бровар қалалық кеңесі (Киев облысы) мәдениет бөлімінің делегациясын тасып жүрген автобус сәуірдің 16-сы күні таңертең Румынияның Бакэу қаласы маңында аударылып қалды. Көлікте барлығы 42 адам болған. Алдын ала мәліметтер бойынша, жол-көлік оқиғасы салдарынан 21 адам, оның ішінде 10 бала зардап шекті. Адам шығыны жоқ. Түрлі деңгейде жарақат алғандардың барлығы да ауруханаға жеткізілді», - деп хабарлайды Украина Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі В.Кирилич.