Румынияда жүк пойызы апатқа ұшырап, 2 адам қаза тапты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Румынияда жүк пойызы рельстен шығып кетіп, екі машинист қаза тапты, деп хабарлайды Хабар 24 телеарнасы.
Жүк пойызы елдің батысындағы Петрошани қаласының маңындағы көпірден өтіп бара жатқан тұста апатқа ұшыраған. «Ассошиэйтед Пресс» агенттігі хабарлауынша, аталған оқиғаға байланысты тергеу ісі басталды.