Румынияның бұрынғы премьері өз-өзін өлтірмекке әрекеттенген
АСТАНА. 21 маусым. ҚазАқпарат - Румынияның бұрынғы Премьер-Министрі Адриан Нэстасе өз-өзіне қол салмақ болды. Ол сәрсенбі күні 2 жыл бас бостандығынан айырылу жазасына кесілген болатын.
Бұл туралы елдің прокуроры мәлім етті, деп жазды ИТАР-ТАСС.
Үкіметтің бұрынғы басшысы жеткізілген ауруханадағы дәрігерлердің айтуынша, полиция қызметкері оны алып кетуге келген кезде ол өзінің иегінің астына қару тіреп, атып жіберген.
Оқыс оқиға Нэстасенің 62-ге келер шағында болды. Ол 2000 жылдан бастап 2004 жылға дейін Румыния үкіметінің басшысы қызметін атқарған.