Румынияның Президенті Т. Басеску ЕҚЫҰ Саммитіне алғашқылардың бірі болып келеді
АСТАНА. 28 қараша. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Румынияның Президенті Траян Басеску бастаған делегация 1-2 желтоқсан күндері Астанада өтетін ЕҚЫҰ Саммитіне алғашқылардың бірі болып келеді. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ілияс Омаров хабарлады.
Оның айтуынша, ертең, 29 қараша күні түс ауа Ватикан мемлекетінің делегациясы, сондай-ақ Андорра мен Сан-Мариноның делегаттары Астана әуежайына қонатын болады. Ал 30 қараша күні Румынияның Президенті Траян Басеску бастаған делегация мінген ұшақ Астана әуежайына келіп қонады. «30 қарашадан бастап 1 желтоқсанға дейін Саммит басталғанша басқа елдердің президенттері Астанаға жетпек», - деді І.Омаров.