Руслан Абдуллаев Олимпиада ойындарын аяқтады

ПАРИЖ. KAZINFORM — Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында бокстан Өзбекстан ұлттық құрамасындағы ұлты қазақ боксшы Руслан Абдуллаев жартылай финалда қарсыласына ұтылып қалды.

Руслан Абдуллаев Олимпиадамен қоштасты
Фото: uza.uz

63,5 келіде жұдырықтасатын қандасымыз ширек финалда Панамерика ойындарының чемпионы, канадалық Уайатт Сэнфордке есе жіберді. Осылайша, канадалық жартылай финалға өтті. Енді ол онда жеңіліп қалса да, қола жүлдені иеленеді. 

Руслан Абдуллаев – 2022 жылғы Азия чемпионы. 2023 жылы әлем чемпионы атанған болатын. Осылайша, қазір бокстан Өзбекстанның ерлер құрамасынан бір ғана боксшы жарыс жолын аяқтады.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Қытай құрамасындағы Тоқтарбек Таңатқан да жеңіліп қалған болатын.

Айта кетейік, осыған дейін бокстан Қазақстан ерлер құрамасынан Қамшыбек Қоңқабаев Асыланбек Шымбергенов және Махмұд Сабырхан олимпиада ойындарымен ерте қош айтысқан болатын.

Сондай-ақ осыған дейін ерлер арасында 80 келіде Нұрбек Оралбай, 51 келіде Сәкен Бибосынов, 63,5 келіге дейінгі салмақта Мұхаммедсабыр Базарбайұлы ширек финалға шықты. Сонымен берге әйелер арасында Назым Қызайбай екінші жекпе-жегін сәтті өткізді.

Соңғы жаңалықтар