Руслан Ахметов әлем чемпионатында сүрінді

АСТАНА. KAZINFORM — Черногорияның Будва қаласында World Boxing ұйымының U19 санатындағы әлем чемпионатының алтыншы жарыс күнін Руслан Ахметов түйіндеді.

Руслан Ахметов
Фото: sports.kz

85 келідегі отандасымыз 1/8 финалда Ресей боксшысы Кирилл Коршаковпен жұдырықтасты.

Қос боксшы да шаршы алаңның ортасын бермей, басымдықты өз тарапына бұруға тырысты. Алайда соққы алмасу барысында қарсылас өзіне ұпай жинап, 1:4 есебімен жеңісті өз еншісіне жазды.

Айта кетелік қарсыласын нокаутпен жеңген Зарина Толыбай ел қоржынына алғашқы медальді салған еді.