Руслан Баймишев Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі қызметінен босатылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Үкіметтің қаулысымен Руслан Нұрашұлы Баймишев Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі қызметінен босатылды. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Руслан Баймишев Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі қызметінен босатылды

Руслан Баймишев 1980 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.

«Фемида» заң академиясын, Қ.И. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін тәмамдаған.

2008-2016 жылдары Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің «Қазгеоинформ» республикалық геологиялық ақпарат орталығында түрлі қызметтерді атқарды.

2016-2019 жылдары – Инвестициялар және даму министрлігі Жер қойнауын пайдалану департаменті директорының м.а., директоры;

2019 жылғы желтоқсаннан қазіргі кезге дейін Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі болды.



Фото: primeminister.kz