09:56, 22 Сәуір 2025 | GMT +5
Жарақат алып, ауруханада ауыр халде жатқан Шымкент әкімінің орынбасары есін жиды
ШЫМКЕНТ. KAZINFORM- Науқастың қазіргі жағдайы тұрақты, ауыр.

Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовтың есін жиғанын мәлімдеді. Дегенмен, жағдайы тұрақты, ауыр. Қазір қалалық клиникада жатыр. Дәрігерлердің тұрақты бақылауында.
Айта кетейік, кеше Шымкентте қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасалды. Күдікті шенеунікке қарай үш рет оқ атқан. Оқиға салдарынан әкімдік қызметкері жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.
Ал, бүгін дәрігерлер Руслан Берденовтың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ екендігін айтты. Жасалған ота да сәтті өтті.