Сенсация: Руслан Құрбанов 1/8 финалда Олимпиада чемпионын жеңді

ПАРИЖ. KAZINFORM – Париж Олимпиадасында шпагамен семсерлесуден ел намысын қорғаған Руслан Құрбанов ширек финалға шықты. 

Руслан Құрбанов 1/8 финалда Олимпиада чемпионын жеңді
Фото: ҰОК

Отандасымыз франциялық Ромен Каннонмен шеберлік байқасты.

Үш кезеңнің қорытындысы бойынша қазақстандық семсерлесуші 15:10 есебімен жеңіске жетті.  

Айта кетейік, 27 жастағы франциялық семсерлесуші Ромен Каннон 2021 жылғы Токио Олимпиадасының, 2022 жылғы әлем біріншілігінің чемпионы. 

Енді тағы бір қазақстандық семсерлесуші Эльмир Әлімжанов 1/8 финалдық кезеңде италиялық семсерлесуші Федерико Висмарамен кездеседі.

Соңғы жаңалықтар