Руслан Мәдиев кәсіпқой бокстағы оныншы жеңісіне қол жеткізді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық былғары қолғап шебері Руслан Мәдиев (9-0, 4 КО) кәсіпқой бокстағы оныншы жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Sports.kz.

Руслан Мәдиев кәсіпқой бокстағы оныншы жеңісіне қол жеткізді

Кезекті айқасын Карсонда (Калифорния штаты, АҚШ) өткізген оған мексикалық Абдиель Рамирес (23-1-1, 21 КО) қарсылас болды. Сегіз раундтық жекпе-жекте төрешілер жеңісті бір ауыздан Мәдиевке берді.

Осылайша Руслан кәсіпқой бокс мансабындағы оныншы жеңісіне қол жеткізді, ал Рамирес өз карьерасындағы екінші жеңілісін мойындауға мәжбүр болды. Осы бокс кешінің хедлайнерлері никарагуалық Роман «Чоколатито» Гонсалес (46-1, 38 КО) пен Тайланд боксшысы Висаксил Вангек (43-4-1, 39 КО) болды.