Руслан Мадиев WBA Asia белдігін сақтап қалды

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық кәсіпқой боксшы Руслан Мадиев (16-2, 6КО) кезекті жекпе-жегінде жеңіске жетті.

Руслан Мадиев
Фото: irfin_promotions

Қазақстандық боксшы Таиланд астанасы Бангкок қаласында өткен кәсіпқой бокс кешінде басты жекпе-жегінде өнер көрсетті. Қортындысында, Руслан Мадиев филиппиндік қарсыласы Али Канегамен (11-1-1, 7КО) 10 раунд жұдырықтасып, WBA Asia титулын сәтті қорғап қалды.

Айта кетерлігі, бокс кешін қазақстандық Irfin Promotions және жергілікті TL Boxing Promotion бірігіп ұйымдастырып отыр.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, «Қазақ жауынгері» лақап атымен кәсіпқой бокста өнер көрсетіп жүрген қазақстандық кәсіпқой боксшы Елшат Нығметолла (20-0-1, 7КО) индонезиялық Фласидус Нуноны (10-1-2, 8КО) нокаутқа жіберіп, аса жеңіл салмақтағы WBA Asia титулын жеңіп алды.

 

Соңғы жаңалықтар