Руслан Желдібай еуропалық ұйым өкілдерімен БАҚ бостандығын талқылады
Президенттің ішкі саясат және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі Руслан Желдібай ЕҚЫҰ өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Kazinform.
Қазақстан Республикасы Президентінің ішкі саясат және коммуникациялар мәселелері жөніндегі көмекшісі Руслан Желдібай ЕҚЫҰ-ның БАҚ бостандығы мәселелері жөніндегі өкілі Тереза Рибейромен келіссөз жүргізді.
Сондай-ақ кездесуге Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар кеңсесінің басшысы Фолькер Фробарт пен ЕҚЫҰ БАҚ бостандығы мәселелері жөніндегі кеңсесінің директоры Юрген Хейссель қатысты.
Әңгіме барысында тараптар масс-медиа саласындағы заңнаманы жетілдіру және Қазақстанда бұқаралық ақпарат құралдарын дамыту бағытындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады.