Рустам Иноятов Өзбекстан президентінің кеңесшісі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Рустам Иноятов Өзбекстан Республикасы президентінің мемлекеттік кеңесшісі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Өзбекстан басшысының баспасөз қызметі. 

Рустам Иноятов Өзбекстан президентінің кеңесшісі болды

«Өзбекстан Республикасы Конституциясының 93 бабы, 24 тармағына сәйкес, Өзбекстан Республикасы президентінің 2018 жылдың 31 қаңтарындағы №УП-5317 жарлығына сәйкес, Рустам Расулұлы Иноятов Өзбекстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік қызметінің басшысы лауазымынан босатылып, Өзбекстан Республикасы Президентінің саяси-құқықтық мәселелер бойынша мемлекеттік кеңесшісі қызметіне тағайындалды»,-делінген Өзбекстан басшысының жарлығында.

Осыған дейін хабарланғанындай, Өзбекстанның Ұлттық қауіпсіздік қызметінің басшысы Рустам Иноятов 23 жыл қызметінен соң аталмыш лауазымнан босатылды.