Рустам Құсайынов «Бәйтерек» холдингінің басқарушы директоры болып тағайындалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Рустам Құсайынов «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарушы директоры болып тағайындалды. Оның құзыретіне ақпараттық қамтамасыз ету мәселелері кіретін болады.
Рустам Құсайыновтың еңбек өтілі 20 жылды құрайды, IT-технологиялар саласындағы басқарушылық тәжірибесі мол. Түрлі жылдары «ДАМУ» ақпараттық технологиялар орталығы» компаниясында басқарушылық лауазымдарды атқарды, оның ішінде сарапшылық кеңестің төрағасы болды. «Алтел» АҚ Директорлар кеңесіне кірді.
«Бәйтерек» холдингіне шақырылғанға дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінде кеңесші болып жұмыс істеді.
Рустам Құсайынов Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін тәмамдады.
«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 мамырдағы Жарлығына сәйкес құрылды. Холдингті құрудың мақсаты экономиканы дамыту мен әртараптандыруға жәрдемдесу, инвестициялар тарту, кластерлерді дамыту және оның еншілес ұйымдарында корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру болып табылады. Холдинг құрамына мынадай компаниялар кіреді: «Казақстанның Даму Банкі» АҚ, «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ, «Қазақстандық ипотекалық компания» АҚ, «ҚазЭкспортГарант» АҚ, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ, «Қазақстанның ипотекалық кредиттерге кепілдік беру қоры» АҚ, «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ, «Бәйтерек девелопмент» АҚ, «Kazakhstan Project Preparation Fund» ЖШС. Холдинг осы компаниялардың мемлекеттік акциялар пакетін иемдену және пайдалану құқығына ие.