Рыбак Украинаның жаңа премьері болуы мүмкін
АСТАНА. ҚазАқпарат - Украинаның жаңа премьер-министрі болып Жоғарғы Раданың спикері Владимир Рыбак тағайындалуы ықтимал.
Оның орнына фракциядан тыс депутат сайлануы мүмкін деген пікірде сарапшылар.
Ал саясаткер Михаил Погребинскийдің пайымдауынша, әділет министрі Елена Лукаштың Үкімет басшысы болуы да ғажап емес.
Еске сала кетсек, Украина премьер-министрі Николай Азаров 28 қаңтарда отставкаға кеткен болатын. Үкіметтің жаңа құрамы жасақталғанша, премьер-министрдің міндетін бірінші вице-премьер Сергей Арбузов атқаруда, деп хабарлайды Росбалт.