07:20, 20 Наурыз 2023 | GMT +5
Рыбакина Индиан-Уэллс мастерс турнирінен қанша табыс тапты
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакинаның Индиан-Уэллс WTA 1000 турнирінен қанша табыс тапқаны белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық теннисші осы жарыстағы жеңісі арқасында 1 млн 262,220 мың доллар АҚШ долларын тапты.
Аталмыш доданың жалпы қоры 8,8 млн АҚШ доллары болатын.
Сондай-ақ Елена Рыбакина 1 мың рейтингілік ұпайға ие болды.
Осы жарыс барысында қазақстандық спортшы америкалық Софья Кенин, испаниялық Паула Бадоса, ресейлік Варвара Грачева, чехиялық Каролина Мухованы жолдан тайдырды. Жартылай финалда әлемнің 1-ракеткасы Ига Швентекті ұтса, финалда әлемдік рейтингіде екінші орында тұрған А.Соболенконы қапы қалдырды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның әлемнің сегізінші ракеткасы атанғанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ қазақстандық теннисші Швейцариядағы турнирдің финалына шықты.
Қазақстандық жас теннисші Үндістанда өткен жарыстың жеңімпазы атанды.