Рыбин су қоймасында екі кеме соқтығысты - 202 жолаушы құтқарылды

АСТАНА. Тамыздың 19-ы. ҚазАқпарат - Рыбин су қоймасында жолаушылар тасымалдайтын «Сергей Киров» және жүк таситын «Василий Осипов» кемелері соқтығысып қалды. Бұл жөнінде РФ Көлік министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
None
None

Жүк баржасының тұмсық бөлігі жолаушылар кемесінің оң жақ бүйірінен соғып өткен, соның салдарынан «Сергей Киров» кемесінің екінші бөлігіне су жиналған. Апат салдарынан жолаушылар зардап шеккен жоқ.

«Сергей Киров» теплоходының ішіндегі барлық жолаушылар «Москвич 513» және «Москвич 730» теплоходтарына көшірілді. Олар Рыбинскіге, одан кейін Мәскеуге жеткізіледі деген болжам бар.

Петерборлық «Жолаушылар флоты» компаниясына қарайтын «Сергей Киров» теплоходы Ярославль - Мәскеу арасында қатынап жүрген. Корабль бортында 202 жолаушы болған. Ал, үстіне 4,5 мың тонна құм артқан «Василий Осипов» кемесі болса, Рыбинскінің «МВК фирмасы» ЖШҚ меншігі.

Соңғы жаңалықтар