Рыпакова ұзындыққа секіруден ҚР чемпионатын жеңіп алды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өскемендегі жеңіл атлетика ғимаратында Қазақстан чемпионаты басталды, деп хабарлайды sports.kz.
Ұзындыққа секіруден бірінші орынды - 6.44 метр көрсеткішпен Ольга Рыпакова, екінші орынды - 5.92 метрге секірген Мария Овчинникова, ал үшінші орынды Анна Городкова (5.76 м) иеленді.
Қазақстан Чемпионаты. Ұзындыққа секіру
1. Ольга Рыпакова (ШҚО) - 6.44
2. Мария Овчинникова (Қарағанды облысы) - 5.92
3. Анна Городкова (ОҚО) - 5.76