Ржев қаласының №5-ші орта мектебіне 100 және 101 жеке атқыштар бригадасы жауынгерлері есімі беріледі - Ресейдегі Қазақстан Елшілігі
АСТАНА. 5 сәуір. ҚазАқпарат - 2011 жылдың 31 наурызында Ржев қалалық думасы Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасы Елшілігінің Ржев қаласындағы №5 орта мектебіне 100-ші және 101-ші жеке атқыштар бригадасы жауынгерлері есімін беру туралы бастамасын қолдады,
деп хабарлайды Ресей еліндегі Қазақстан Елшілігінің баспасөз қызметі.
Таңдаудың бұл мектепке түсуі кездейсоқтық емес. 100-ші және 101-ші бригадалардың қазақстандық жауынгерлерінің Мемориалдық кешені осы мектепке жақын орналасқан, ал мектептің оқушылары мен мұғалімдері осы ескерткішке қамқорлық жасап, өз қанатының астына алған.
Ржев қаласының басшысы Александр Щетинин Қазақстан Республикасының Ресейдегі Төтенше және Өкілетті елшісі Зауытбек Тұрысбековты осы атаулы күнмен құттықтады. Оның айтуынша, қаза тапқан жауынгерлердің рухын мәңгіге сақтауға арналған шаралар жақсы дәстүрге айналып, тарихи байланыстарды дамытып, өскелең ұрпақты біздің елдеріміз арасындағы достық рухында тәрбиелеуге септігін тигізеді.