С.Ахметов 1 қыркүйекке дейін бұқаралық спортты дамыту бағдарламасын Үкімет қарауына енгізуді тапсырды

АСТАНА. 9 шілде. ҚазАқпарат - Бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов Спорт және дене шынықтыру істері агенттігіне1 қыркүйекке дейін республикада бұқаралық спортты дамыту бағдарламасын Министрлер кабинетінің қарауына енгізуді тапсырды.
None
None

«Жұмысты қоғамдық денсаулықты дамытуға, салауатты өмір салтының құндылықтары мен маңыздылығына тәрбиелеуге шоғырландыру қажет. Оған барлық мемлекеттік органдар, ҰЕҰ, БАҚ және жұмыс берушілер белсенді қатысуы тиісті. Мемлекет басшысының баса айтуынша,бұқаралық спорт және жоғары жетістіктер спорты кешенді жүйелі әдістерді талап етеді. Бұл фактор Үкімет жұмысында ескерілуі керек», - деді Үкімет басшысы.

Осы ретте С.Ахметов Спорт және дене шынықтыру істері агенттігіне мүдделі органдармен бірлесіп, белгіленген мерзімде жаңа редакциядағы «Дене тәрбиесі және спорт туралы» Заң жобасын әзірлеуді тапсырды. Сонымен қатар агенттікке Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігімен бірлесіп, республикада бұқаралық спортты дамыту бағдарламасын әзірлеу мәселелерін қарастыруды әрі оны осы жылдың 1 қыркүйегіне дейін Үкімет қарауына енгізуді жүктеді.

Соңғы жаңалықтар